Қытай Шаньдун провинциясында QazTrade сауда кеңсесін ашуды ұсынды

Уақыты: 2024-09-16 Көрлімі: 52 Сипаттама

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ҚХР-ға жұмыс сапары барысында Шаньду...


IMG_4481.jpeg


ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ҚХР-ға жұмыс сапары барысында Шаньдун провинциясының Халық үкіметі төрағасының орынбасары Сун Цзюнцзимен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Шаньдун провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің негізгі мәселелерін талқылады.

Сун Цзюнцзи мырза Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемін ұлғайту және сауда саясатын жетілдіру үшін жұмыс тетігін құруды ұсынды. Сонымен қатар, провинцияның Халық үкіметі төрағасының орынбасары ШҰАА-ға ұқсас Шаньдун қаласында «QazTrade» АҚ сауда өкілдігін ашуды ұсынды, бұл өз кезегінде өңірдегі отандық бизнестің мүддесін тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

2024 жылдың жеті айында Қазақстан мен Шаньдун провинциясы арасындағы тауар айналымы 869,1 миллион АҚШ долларын құрады. Экспорт 3,23%-ға өсіп, 348 млн АҚШ долларын құрады. Осы кезеңде Қазақстанға импорт 521,0 млн АҚШ долларына жетті.



 t.me/atamekenbusiness_silkway телегрсм арнасынан


Пікір жазу
  • Қытай “Күз ортасы “ мерекесін тойлай бастады
    Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалы жиіледі

    Ұқсас тақырыптар