Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалы жиіледі

Уақыты: 2024-09-16 Көрлімі: 50 Сипаттама

Көлік министрі Марат Қарабаев 5-6 қыркүйекте Үрімші қаласында Көлік министрлігі, «Ақпар...

IMG_4479.jpeg


Көлік министрі Марат Қарабаев 5-6 қыркүйекте Үрімші қаласында Көлік министрлігі, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ және ШҰАА көлік департаменті өкілдерінің қағаз бланкілерінен электрондық форматқа көшуге қатысты кездесуі өткенін хабарлады. 

Екі тараптың техникалық мамандары осы жобаны іске асыру үшін қажетті практикалық іс-шаралардың егжей-тегжей жоспарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024 жылдың қарашасында электрондық рұқсат бойынша алғашқы тестілеуді өткізуге және 2025 жылдың қаңтарынан бастап рұқсат бланкілерімен электрондық алмасу жүйесін іске қосуға келісті.

Айта кету керек, биыл ҚР мен ҚХР арасындағы автомобиль жүк тасымалының айтарлықтай өсімі байқалып, 2024 жылдың басынан бері 170 000 бланкі алынды. Мысалы, 2023 жылдың 8 айында 113.000-нан астам бланк пайдаланылды. 



 t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Қытай Шаньдун провинциясында QazTrade сауда кеңсесін ашуды ұсынды
    ҚазАвтоЖол халықтың пікірін білмекші

    Ұқсас тақырыптар