Қыркүйектің қорытындысы бойынша жаңа энергиямен жүретін автомобиль (электрокар, гибрид, NEV) Қытай автонарығының 52%-ын иеленді, деп хабарлайды kolesa .kz порталы. Бұл типтегі машина саудасы ішкі нарықта жаңа деңгейге жетіп, экспорт көлемі де артып келеді. Қытай автоөндірісінде Chery, SAIC және Geely өнімдері экспортқа ең көп шығады, ал нарық көшбасшысы BYD концерні болды.
Қытайда қыркүйекте 1176000 экземпляр NEV көлік өтті, бұған экспортқа шыққан машинаны қосқанда жалпы көрсеткіш 1287000 болады. Бір жылдағы өсім 42%-дан асты. Бір айда 511 мың гибрид иесін тапты, бұл былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 84% артық. Ал электромобиль саудасының өсімі 24% болды.
Қытай маркалары өткен айда шетелге 22 мың дана PHEV жеткізді, бірақ бұл былтырғы нәтижеден 90% көп. 2024 жылдың үш тоқсанында Қытай компаниялары экспортқа 4,3 млн машина шығарды. Қыркүйекте бұл көрсеткіш бойынша Chery, SAIC және Geely көш бастап тұр, бірақ биылғы жалпы нәтижені есептесек Changan үздік үштікке енеді.
Қыркүйекте BYD алғаш рет SAIC-ті бірінші орыннан ығыстырып, Қытайдың ең ірі автоөндірушісі атанды. Бұған дейін Қытай БАҚ-ы SAIC-тің көшбасшылығына күмән келтірген, өйткені компанияның Volkswagen, GM сияқты көптеген шетелдік серіктесі бар, бірлескен кәсіпорында шыққан машина саудасы жалпы статистикаға қосылады.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм каналы