«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «CNNC Overseas Limited» (бұдан әрі – CNNC Overseas) және China National Uranium Corporation Limited (бұдан әрі – CNUC) компанияларымен аталмыш компаниялар пайдасына тараптардың келісімдерін жазбаша бекіту күніне сәйкес нарық шарттары бойынша U3O8 түріндегі табиғи уран концентраттарын жеткізу туралы келісімге қол жеткізді.
Бұған дейін CNUC және CNNC Overseas компанияларымен жасалған мәмілелермен бірге акционерлердің кезектен тыс жиналысында қарауға шығарылатын мәміленің құны Компанияның (бөлек қаржылық есептілігіне негізделген) активтерінің жалпы баланс құнының елу пайызынан асады. Яғни, ықтимал мәміле сомасы - 1,2 трлн теңгеден жоғары болмақ.
Қытай Халық Республикасында тіркелген CNUC компаниясы және Гонконгта тіркелген CNNC Overseas компаниясы ядролық өнеркәсіптің барлық салаларында әрекет ететін Қытай Халық Республикасының мемлекеттік корпорациясы - China National Nuclear Corporation (CNNC) үлестес ұйымдары.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан