Тіркелген автомобильдер саны 5 579,4 мың бірлікке жетті

Уақыты: 2024-10-16 Көрлімі: 66 Сипаттама

2024 жылғы тамызда 141,5 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, былтырғы сәйкес кезеңм...

IMG_4713.jpeg

2024 жылғы тамызда 141,5 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 44,1% өскен. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 579,4 мың бірлікті құрады, оның 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк көлігі және 2,1% – автобустар. 

Шығарылған жылдары бойынша 3 жылдан аспайтын автомобильдердің үлесі автопарктің 6,2% құрайды, шығарылған жылы 3-тен 7 жылға дейінгі көлік үлесі – 13,1%, 7-ден 10 жылға дейін – 11,9%, 10 жылдан 20 жылға дейін – 23,8%, 20 жыл бұрын өндірілген автомобильдердің үлесі – 44,8%. Айта кетейік, екі жыл бұрын шығарылған жылы 20 жылдан асатын машиналардың үлесі (2022 ж. 1 қыркүйекке) 50,8% болған. 

Өңірлер бөлінісінде шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқан автомобиль саны Алматы қаласы мен Алматы облысында ең көп, тиісінше 206 мың және 361 мың, одан кейін Жамбыл – 190,5 мың бірлік, Қарағанды – 183,3 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облыстарында – 177,3 мың бірлік. Шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын көлік саны бойынша Алматы (55,3 мың), Астана (42 мың) қалалары және Алматы облысы (22,4 мың) алда. 

IMG_4714.png

Пікір жазу
  • "Қазатомөнеркәсіп" Қытайға ірі көлемде уран жеткізбекші
    Қазақстан мен Армения президенттері келіссөз жүргізді

    Ұқсас тақырыптар