Қазақстан мен Еуропалық инвестициялық банк өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Уақыты: 2024-10-16 Көрлімі: 44 Сипаттама

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Н...


IMG_4721.jpeg

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Люксембургке сапары барысында Еуропалық инвестициялық банктің президенті Надия Кальвиньомен кездесу өткізді.


Тараптар Қазақстандағы негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін

 талқылады. Су ресурстары мәселелеріне ерекше назар аударылды. ҚР СІМ басшысы Орталық Азия өңірі үшін аса маңызды ағынды суларды тазарту жүйелерін жаңғырту және су тасқынынан қорғау құрылыстарын салу жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.


Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз) шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жеке талқыланды. «Біз еуропалық серіктестерімізді өңірдің сауда-көлік байланыстарын одан әрі дамытуға ықпал ететін стратегиялық маңызды жобаларға қатысуға шақырамыз», – деп мәлімдеді Министр.


Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналынан



Пікір жазу
  • ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ӘЙЕЛДЕРДІ СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНА УАҚТЫЛЫ СКРИНИНГТЕН ӨТУГЕ ШАҚЫРАДЫ
    Қытайда жұмысшыларға қарт ата-аналарын күту үшін ақылы демалыс берілмек

    Ұқсас тақырыптар