Цзянсу провинциясының Янчжоу қаласы қарт адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған жаңа саясатты қабылдады. Мұндай бағдарлама елде алғаш рет қолға алынып отырғаны хабарланды. Ол қарттарға күтім жасау, медициналық сақтандыру, көлік және еңбек заңнамасын қоса алғанда бірқатар салаларды қамтиды. Саясат 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Енді жұмысшылар ауырып ауруханаға жатқызылған қарт ата-анасына күтім жасау үшін бес күндік жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқылы болады. Саясат аясында 65 жастан асқан тұрғындар үшін енді көрікті жерлер мен қоғамдық көліктерде ақы алынбайды. Бұрын мұндай артықшылықтарды тек 70 жастан асқан тұрғындар алатын.
Халықтың қартаюы Янчжоуда ерекше өзекті мәселе болып тұр. 4,5 миллион халқы бар қалада қарт тұрғындардың үлесі 28,6 пайызды құрайды.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан