Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Уақыты: 2024-10-17 Көрлімі: 38 Сипаттама

Ерболат Досаев: Алматы қаласының биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алд...

IMG_4722.jpeg

Ерболат Досаев:


  Алматы қаласының биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысын баяндады:

      – есепті кезеңде қысқамерзімді экономикалық индикатор 104,1 пайызды құраған;

      – 2024 жылы Алматының өңірлік жалпы өнімі 5,5 пайыз деңгейіне жетіп, келесі жылы 6,4 пайызға дейін өседі деп болжанып отыр;

      – биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 1 133 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім 8,1 пайызға жеткен. Жыл соңына дейін 2 триллион теңге инвестиция тартылады;

  жергілікті бюджет кірістері 27,2 пайызға артқаны жөнінде мәлімет берді:

      – бұл Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары аясында басымдық берілген жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берген;

      – жыл басынан бері қала бюджеті 204,5 миллиард теңгеге артып, 1828,5 миллиард теңгені құраған;

      – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнесті өркендетуге ден қоя отырып, экономиканы әртараптандыру жұмыстары жалғасады. Кәсіпкерлік субъектілер саны 6,2 пайызға өсіп, 361,1 мыңға жеткен. Жыл қорытындысы бойынша Алматының өңірлік жалпы өнім көрсеткішіндегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесі 60 пайызға дейін артады;

  Президент тапсырмасын орындау мақсатында қаланың дамуын сапалы қамтамасыз етуге және тиімді бақылауға арналған Қала құрылысы регламенті, Құрылыс жүргізу ережесі және Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасының жаңа жобасы әзірленген. Өзгерістер жыл соңына дейін қалалық мәслихаттың сессиясында бекітіледі;

  биыл денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға арналған бюджет 2,5 есе өсіп, 26,3 миллиард теңгеге жеткені туралы есеп берді:

      – тамыз айында еліміздегі алғашқы Ерте араласу орталығы ашылған. Бұл мекеме ведомствоаралық іс-қимылды үйлестіріп, балалар арасындағы мүгедектікті төмендетумен шұғылданады;

  басым бағыттың бірі – инженерлік инфрақұрылымды жаңарту екенін атап өтті:

      – есепті кезеңде 219 шақырым сумен жабдықтау және су тарту желілері салынып, қолданыстағы 27,3 шақырым желі жаңартылған. Бұдан бөлек, 66 шақырым электрмен жабдықтау желісі реконструкцияланған;

  Алматының жасыл желегін көбейту жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалу барысын баяндады:

      – оған күтім жасау үшін 110 шақырым тамшылатып суару жүйесі орнатылған;

      – жыл соңына дейін саябақтардың ауданы 996 гектарға дейін кеңейеді.


  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында қала экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесін арттыру, транспорт құрылымын дамыту және қоғамдық көліктерді экологиялық талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды сапалы жаңғырту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Қытайда жұмысшыларға қарт ата-аналарын күту үшін ақылы демалыс берілмек
    Олжас Бектенов Исламабадта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатыс

    Ұқсас тақырыптар