Жыл басынан бері «Қорғас» арқылы 1 млн адам өтті
Мұндай рекордттық көрсеткіш «Қорғас» ШМЫО ашылғаннан бері бірінші рет тіркелген жағдай. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110 пайызға көп көрсеткіш. Бұған екі ел арасында визасыз режим жүйесін енгізудің арқасында қол жеткізілді.
Бүгінде осы аймақта Қытай мен Қазақстанды байланыстыратын төрт автобус бағыты жұмыс істеп тұр. Статистикаға сәйкес, «Қорғас» бекеті арқылы күн сайын шамамен 3700 адам жүреді. Аталған бекет қызметкерлері жолаушылар ағынының одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін, өз жұмыстарын оңтайландыруды үнемі жалғастырып келеді.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан