Астанада Рухани келісім күніне орай халықаралық конференция өтті

Уақыты: 2024-10-18 Көрлімі: 26 Сипаттама

Астанада Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев о...

IMG_4750.jpeg

Астанада Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім: бастауы, ахуалы, болашағы» тақырыбында халықаралық конференция өтті.


  Іс-шараға мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Ұлыбританиядағы Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары, епископ Джо Бэйли Уэллс, Исламабад ислам университетінің Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Мұхаммед Зия-ул-Хақ, Үндістандағы «Сомайя Видьявихар» институтының конфессияаралық қарым-қатынас және өзара түсіністік бағдарламасының хатшысы Рудракша Сакрикар және Дүниежүзілік буддистер қауымдастығының өкілі доктор Арифин Яма онлайн қосылды.


 Конференция барысында рухани келісім мен ынтымақтастықты нығайту, әртүрлі этникалық топтар мен конфессиялар арасындағы толеранттылық принципін ілгерілету, тұрақтылық пен адами құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланды.


Қатысушылар конференция әртүрлі рухани қауымдастықтар, мәдениеттер мен ұрпақтар арасындағы өзара түсіністікті, ынтымақтастықты дамыту және сенімді нығайту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі
    Құрық портында қуаты 1 миллион тонналық астық терминалының құрылысы аяқталды

    Ұқсас тақырыптар