Құрық портында қуаты 1 миллион тонналық астық терминалының құрылысы аяқталды

Уақыты: 2024-10-18 Көрлімі: 29 Сипаттама

Маңғыстауда Құрық портында салынып жатқан астық терминалының құрылысы аяқталып, қонды...

IMG_4751.jpeg

Маңғыстауда Құрық портында салынып жатқан астық терминалының құрылысы аяқталып, қондырғылар сынақтан өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан өңірінің бидайы қабылданып жатыр. Жоспар бойынша алғашқы астық қазан айының соңында жөнелтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат 


Құрық порты – Қытай мен Орталық Азиядан Еуропаға жүк тасымалдаудың ең қысқа жолы ретінде танылған. Биылдың өзінде «Орта дәліз» бағыты бойынша 1 млн 600 мың тонна жүк өңделіп, жөнелтілді. Порт басшылығының айтуынша, соңғы жылдарда вагонмен тасымалданатын жүктерге қоса, автокөлік тасымалы артқан. Нәтижесінде былтыр Құрық порты 2 млн тоннадан аса жүк өңдеп, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізді. 


«Орта дәліз» Транскаспий халықаралық көлік бағытының бір тармағы болып есептеледі. Ол арқылы Қытай, Орта Азия елдерінен шыққан жүк Құрық және Ақтау порттарымен Азербайжан, Грузия, Түркия одан әрі Еуропа елдеріне жеткізіледі. Құрық порты осы бағыт бойынша 2017-жылдан бері 10 миллион тоннадан астам жүк өткізген. 


 t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Астанада Рухани келісім күніне орай халықаралық конференция өтті
    Қазақстанның ШЫҰ бюджетіндегі үлесі белгілі болды

    Ұқсас тақырыптар