Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскиді қабылдады

Уақыты: 2024-10-21 Көрлімі: 39 Сипаттама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдір...

IMG_4783.jpeg

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Чехия арасында достық пен өзара құрметке құрылған көпжылдық әрі нәтижелі ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті.


  Мемлекет басшысы министрдің сапары екі ел арасындағы көпжақты қарым-қатынастың нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл.


  Президент екі елдің сауда және инвестициялық байланыстарын одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар екеніне назар аударып, еліміздің чех инвесторларына алдағы уақытта да қолдау білдіруге дайын екенін айтты.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Бішкекте ТМҰ-ға қатысушы елдердің экономика және сауда министрлерінің 13-ші кездесуі өтті.
    Қытайда ғарыш саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі бағдарламасы таныстырылды

    Ұқсас тақырыптар