Қытайда ғарыш саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі бағдарламасы таныстырылды

Уақыты: 2024-10-21 Көрлімі: 39 Сипаттама

Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы ғарышты игеру саласын, оны ғылыми зерттеу бағдарлама...

 

Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы ғарышты игеру саласын, оны ғылыми зерттеу бағдарламасын жариялады. Жоспарға сәйкес, 2027 жылға дейін "Тяньгун" ғарыш станциясы толық пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, қытайлық ғарышкерлер айда басқарылатын зерттеу жүйесін іске қосуға және оны зерттеудің төртінші кезеңіне өтуді жоспарлап отыр.

Бірінші кезеңде қараңғы материяны және ғаламның дамуы мен қалыптасуының ерте кезеңін зерттеу басым бағыттар болады. Ал, 2028-2035 жылдар аралығында Қытай ай бағдарламасын жалғастырумен қатар, Күн жүйесі мен алып планеталар жүйелерінің шеттерін зерттеуді бастауды, сондай-ақ Венера атмосферасының сынамаларын алуды жоспарлап отыр. Үшінші кезең аясында қытайлық мамандар ауқымды 5-6 ғарыштық миссияны және 25 шағын және орта міндеттерді жүзеге асыруға ниетті. Осылайша, Қытайдың мақсаты - 2050 жылға дейін ғарыш саласындағы әлемдік көшбасшы болу. t.me/atamekenbusiness_silkway

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскиді қабылдады
    Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

    Ұқсас тақырыптар