Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Уақыты: 2024-10-22 Көрлімі: 32 Сипаттама

Жеңіс Қасымбек: Елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде...

IMG_4798.jpeg

Жеңіс Қасымбек:


  Елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді:

      – қаланың барлық экономикалық көрсеткіші бойынша оң динамика байқалады;

      – биылғы 9 айда тартылған инвестиция көлемі 1 триллион 140 миллиард теңгені құраған. Бұл – 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға жоғары;

  жылыту маусымы жөнінде баяндады:

      – былтыр «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясы мен үшінші жылу электр орталығының бірінші кезеңдерін пайдалануға беру нәтижесінде қалада жылу қуаты алғаш рет артығымен өндіріле бастаған. Аталған нысандар Астананы 1100 Гкал/cағаттан астам жылу қуатымен қамтамасыз еткен;

      – жыл соңына дейін «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Сол кезде шаһарға қосымша 250 Гкал/сағат жылу беріледі;

      – қазір жалпы қуаты 970 Гкал/сағат болатын «Тельман» газ жылу станциясын салу және «Оңтүстік-Батыс» газ жылу станциясын жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр;

✔️әлеуметтік нысандар (мектеп, қолжетімді баспана, медициналық мекемелер) салу, құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлерді аяқтау, тозығы жеткен апатты үйлерді бұзу жөнінде айтты:

      – Астанада жаңа оқу жылына жоспарланған 24 мектептің 15-і пайдалануға берілген. Оның ішінде 9 білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген;

      – жаңа жылға дейін 4,5 мыңға жуық орынды қамтамасыз ететін 6 студенттік жатақхана салу жоспарланған болатын. Бүгінде оның төртеуіне студенттер орналасқан;

✔️елордада 170-ке тарта аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 70-тен астам көше жөндеуден өткен. Сондай-ақ миллион түп ағаш пен жасыл желек егу жоспарланып отыр.


❗️Президент елорданы одан әрі дамыту, көлік инфрақұрылымын нығайту және көріктендіру бойынша бірқатар тапсырма берді.


t.me/aqorda_resmi телегам аргасынан


Пікір жазу
  • Қытайда ғарыш саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі бағдарламасы таныстырылды
    Қытай ғалымдары «ай» кірпішін ойлап тапты

    Ұқсас тақырыптар