Мемлекет басшысы Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады

Уақыты: 2024-11-01 Көрлімі: 18 Сипаттама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісін жаңа қызметімен құттықтап, оның диплома...

IMG_4945.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісін жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екіжақты қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.


  Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен арадағы ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екенін жеткізіп, елші Сильван Гиогенің жауапты қызметіне табыс тіледі.


  Кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Франция Республикасына жасайтын мемлекеттік сапарының жай-жапсары талқыланды.


  Президент аталған сапар Астана мен Париж арасындағы байланыстардың келешегін айқындап, қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Solidcore Resources plc компаниясының директоры Виталий Несисті қабылд
    Қазақстан Республикасындағы инфляция

    Ұқсас тақырыптар