Қазақстан Республикасындағы инфляция

Уақыты: 2024-11-01 Көрлімі: 27 Сипаттама

2024 жылғы қазанда айлық инфляция деңгейі үдей түсіп, 0,9% құрады (ағымдағы жылғы қыркүйект...


IMG_4948.jpeg

2024 жылғы қазанда айлық инфляция деңгейі үдей түсіп, 0,9% құрады (ағымдағы жылғы қыркүйекте – 0,4%). Ақылы қызметтердің бағасы – 1,4%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 1%, азық-түлік тауарлары 0,4% жоғарылады. 

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға – 25%, су бұруға – 5,3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 1%, электр энергиясына, ыстық суға 0,6%-дан жоғарылады. Теміржолмен жолаушылау қызметі – 13%, ұялы байланыс қызметі 5% қымбаттады. 

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде қазан айында отын бағасы өсті – 4,7%, тас көмір – 1,1%. Тұрмыстық техника – 2,6%, киім мен аяқ-киім – 0,9%, құрылыс материалдары мен жеке пайдаланылатын тауарлар 0,4%-дан қымбаттады. 

Азық-түліктен қияр бағасы 9,7%, қызанақ – 8,6% , лимон – 7%, апельсин – 6,7%, тұз – 6,5%, жұмыртқа – 3,2%, күнбағыс майы 2,4% өсті. Бағаның төмендеуі сәбізге – 10%, жүзімге – 5,7%, алмаға – 3,4%, қызылшаға – 3,2%, пиязға – 2,8%, картопқа 2,1% байқалды. 

Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Алматы қаласында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,8 п.т. жоғары), ең төменгі – Павлодар облысында және Астана қаласында 0,4%-дан тіркелді. 

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Алматы облысында – 0,8%, азық-түлік емес тауарларына – Ұлытау, Абай облыстарында 1,7%-дан, ақылы қызметтерге – Алматы қаласында 3,6% өсті. 

IMG_4946.png


IMG_4947.png

2024 жылғы қазанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,5% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы – 14,3%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,8%, азық-түлік тауарларының бағасы 4,9% жоғарылады. 

2023 жылғы қазанымен салыстырғанда тарифтер суық суға – 60,3%, орталықтан жылытуға – 33,6%, су бұруға – 26,9%, электр энергиясына – 22,9%, ыстық суға – 18,1%, қоқыс шығаруға 16,3% жоғарылады. Теміржолмен қатынау қызметі – 23,7%, байланыс – 17,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету 11,9% қымбаттады. Ацетилсалицил қышқылының бағасы – 34,9%, белсендірілген көмірге – 23,9%, корвалол 18,3% өсті. Қияр 27,6%, қызанақ – 27%, зәйтүн майы – 23,1%, сарымсақ – 17,5%, картоп – 13,9%, кондитерлік өнімдер 12,6% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қарақұмық жармасы – 21,9%, сәбіз – 16,2%, лимон – 11,6%, күнбағыс майы – 9,2%, құмшекер 5,2% арзандады. 

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады. 

*2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 28,2% құрады.

Qazstat.kz сайтынан

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады
    АЛМАТЫДА ОНКОЛОГТАР САЛМАҒЫ 15 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ АНАЛЫҚ БЕЗ ІСІГІН АЛЫП ТАСТАДЫ

    Ұқсас тақырыптар