Қытайда ядролық технологиялар индустриясын дамытудың үш жылдық жоспары жарияланды. Оған сәйкес 2026 жылға қарай бұл саладағы өндіріс көлемі 400 миллиард юаньға ($56 миллиард) дейін артатыны жазылған.
Құжатта ядролық технологиялар атом өнеркәсібінің жоғары сапалы дамуын қамтамасыз ету жолындағы қажетті қадам болып табылатыны атап өтілген. Бұл сондай-ақ халық шаруашылығының түрлі салаларын трансформациялауға және жаңғыртуға көмектеседі.
Үш жыл ішінде елде медицинада, ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, материалдар саласында және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ядролық технологияларды қолдануға бағытталған жаңа кәсіпорындар құрылмақ.
t.me/atamekenbusiness_silkway арнасынан