Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянның шақыруымен VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің (CIIE) ашылу салтанатына Қазақстан, Өзбекстан, Малайзия, Моңғолия, Сербия мен Словакия үкімет басшылары қатысады.
Көрме Қытайда 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жолы көрме Шанхайда 5-10 қараша аралығында өтеді. Ұлттық павильондарда 77 ел мен халықаралық ұйымдар өз өнімдерін ұсынады, іскерлік көрмеге 129 ел мен аймақтан 3500-ге жуық экспонент қатысады.
t.me/atamekenbusiness_silkway арнасынан