Сеул қаласында «Орталық Азия – Корея Республикасы» 17-ші ынтымақтастық форумы өтті, оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатысты.
Форумда Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы көлік-логистикалық өзара іс-қимыл, энергетикалық ынтымақтастық, цифрлық трансформация және экологиялық күн тәртібі мәселелері сияқты салаларды қамтитын серіктестіктің негізгі бағыттары қарастырылды.
Өз сөзінде М. Нұртілеу өңірдің тұрақты экономикалық дамуы үшін көліктік өзара байланыстың маңыздылығына назар аударды. Қазақстан Азиядан Еуропаға жүктерді қауіпсіз және тиімді тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Транскаспий халықаралық көлік бағытын белсенді дамытуда. Министр корей компанияларды бағыттың өткізу қабілетін одан әрі кеңейту үшін ірі жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды және 2025 жылы оны жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланғанын мәлімдеді. «Орталық Азия Қазақстан арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыра алатын маңызды логистикалық хабқа айналуда», – деп атап өтті М. Нұртілеу.
https://t.me/pressmfakz сайтынан