ҰҚК Шекара қызыметі 4 640 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыны ұстады

Уақыты: 2024-11-05 Көрлімі: 49 Сипаттама

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында а.ж...

IMG_4994.jpeg

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында а.ж. қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:


  Шекара кеңістігінде 4 640 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыны ұстады, соның ішінде:


  27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;

  30 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.


  Мемлекеттік шекара арқылы 1 435 заңсыз алып өту фактісінің алдын алынды, оның ішінде:


  41 факті – есірткі заты;

   91 факті – ату қаруы мен оқ-дәрі (1 дана атыс, 3 дана газды және 25 дана суық қару, 123 дана оқ-дәрі, 41 дана электрошокер);

   23 факті – діни әдебиет (2 001 дана);

   459 факті – жалпы сомасы 9 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (43 000 литрден астам);

   616 факті – жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауары (соның ішінде киік мүйіздері 1,5 млрд теңгеге жуық, темекі бұйымдары 377 млн теңгеден астам);

  204 факті – жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам шетел валютасы.


  Каспий акваториясында 57 браконьерлік фактінің алдын алынды, сондай-ақ:


  31 дана – жүзу құралы;

  70 км тор – браконьерлік аулау құралы;

  299 дана (1 765,1 кг) – бекіре тұқымдас балық;

  904 дана (2 165 кг) – таза тұқымдас балық;

  13 дана – итбалық.

   Алдын алынған залал сомасы шамамен 671 млн теңгені құрады.


   Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.


  Мемлекеттік шекарада қандай-да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.


  ҰҚК баспасөз қызметі


Пікір жазу
  • Қазақстан Сыртқы істер министрі Корея Республикасына ресми сапармен барды
    «Орталық Азия – Корея Республикасы» 17-ші ынтымақтастық форумы өтті

    Ұқсас тақырыптар