Олжас Бектеновтың Шанхайға сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында ҚР-дан ҚХР-ға экспортталатын ірі қара малдың терісіне инспекциялық, карантиндік және ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаға қол қойылды.
ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл хаттама үш жылдық екіжақты келіссөздердің нәтижесі, елдер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды. Құжат елдің экспорттық әлеуетін, отандық өнімнің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.
✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан