Бүгінгі таңда Қытайдан Еуропаға жерүсті тасымалының 80%-дан астамы Қазақстан арқылы жүзеге асырылады. Осы тұрғыда Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру шеңберінде өзара іс-қимылды тереңдетуге мүдделі.
Олжас Бектенов жаһандық маңызы бар жоба Қазақстан аумағы арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағытыменн бірлесіп, «Солтүстік – Оңтүстік» және «Шығыс – Батыс» дәліздерінің әлеуетін ашуға қабілетті екенін атап өтті.
Биылғы 9 ай ішінде орташа дәліз бойынша тасымалдау көлемі өткен жылдың көрсеткіштерінен 23%-ға асып, 3,4 млн тоннаны құрады. 2030 жылға қарай жүк тасымалдау көлемін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан