Қытай үкіметі балалар арасындағы миопия ауруының алдын алу және азайту үшін жаңа шараларды жариялады. Қазан айында Білім министрлігі, Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы және Ұлттық ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы жариялаған құжатқа сәйкес, мектеп жасына дейінгі балалардың 10 сағаттан астам және бастауыш сынып оқушыларының 10 сағат ұйықтауын қамтамасыз етуге күш салу керек.
Құжатта балабақшаға баратындар күніне кемінде екі сағатты ашық ауада өткізуі керек, ал бастауыш мектеп әкімшілігі оқушылардың үзіліс кезінде сабақтан шығуын ұйымдастыруы қажеттігі жазылған. Бұған қоса бастауыш мектеп басшыларынан оқушыларға үй тапсырмалары мен сабақ уақытынан тыс өтетін сабақтарды екі есе қысқартуды талап етеді. Ал бір онлайн сабақтың ұзақтығы жарты сағаттан аспауы керек, ал сабақ арасындағы үзіліс 10 минуттан кем болмауы тиіс.
Соңғы ресми статистика көрсеткендей, соңғы жылдары елде миопиямен ауыратындар саны аздап азайғанына қарамастан, қытайлық балалар мен жасөспірімдердің 51,9 пайызы әлі де бұл аурудан зардап шегеді. Қытай 2030 жылға қарай бірқатар мақсаттарға қол жеткізуді мақсат етіп, балалар мен жасөспірімдер арасындағы миопиямен күресу шараларын күшейтуде. Бұл мақсаттарға 6 жастағы балалар арасындағы миопияның деңгейін шамамен 3 пайыз деңгейінде сақтау және бастауыш мектеп оқушылары арасында оның 38 пайыздан төмен болуын қамтамасыз ету кіреді.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан