Мемлекет басшысы Вьетнам КП-Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тхангты қабылдады

Уақыты: 2024-11-15 Көрлімі: 23 Сипаттама

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшес...

IMG_5066.jpeg

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тхангты қабылдады


  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саясат академиясының директоры Нгуен Суан Тхангпен кездесті.


  Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы бүгінде қазақ-вьетнам қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Президент Вьетнамға жасаған былтырғы ресми сапарын ықыласпен еске алды. Ханой сапары барысында жүргізілген маңызды келіссөздер екіжақты ынтымақтастыққа айтарлықтай серпін берді.


  Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Вьетнам – еліміздің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктесі. Қазақстан сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды жан-жақты нығайтуға дайын.


  Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Вьетнамның әлеуметтік-экономикалық дамуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін парламентаралық ынтымақтастықты жандандырудың маңызына тоқталды.


t.me/aqorda_resmi


Пікір жазу
  • 10 сағаттық ұйқы: Қытай балалардағы миопияның алдын алудың жаңа шараларын жариялады
    АЛМАТЫДА ЛАЗЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН БАЛАЛАРДАҒЫ КҮРДЕЛІ КӨЗ ПАТОЛОГИЯСЫН ЕМДЕЙ БАСТАЙДЫ

    Ұқсас тақырыптар