АЛМАТЫДА ЛАЗЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН БАЛАЛАРДАҒЫ КҮРДЕЛІ КӨЗ ПАТОЛОГИЯСЫН ЕМДЕЙ БАСТАЙДЫ

Уақыты: 2024-11-15 Көрлімі: 37 Сипаттама

Қазақстанда балалардағы күрделі көз ауруларын емдеу әдістері белсенді түрде жетілдір...

IMG_5070.jpeg

 Қазақстанда балалардағы күрделі көз ауруларын емдеу әдістері белсенді түрде жетілдірілуде. Алматының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының Көз микрохирургиясы бөлімшесінде Constellation Vision лазерлік хирургиялық жүйесінің көмегімен күрделі витреоретиналды патологиялар кезінде операциялар жүргізіле бастайды. 


Витреоретиналды хирургия жоғары технологияны қажет ететін торлы қабық пен шыны тәрізді дененің ауыр ауруларына арналған операцияларды қамтиды. Бұл бағыт бүкіл әлемде белсенді дамып келеді.


  «Алматының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының Көз микрохирургиясы бөлімшесінде біздің кішкентай пациенттеріміз шала туған нәрестелердің ретинопатиясын, отбасылық экссудативті витреоретинопатияны, Коатс ретинитін және көздің басқа да ауыр ауруларын емдеу бойынша операциядан өте алады», — деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева.


Бұрын мұндай патологиясы бар балалар квота бойынша шетелге жіберілетін. Енді олар Алматыда қажетті көмек ала алады. Соңғы жылдары Қазақстанда балаларда торлы қабық пен шыны тәрізді дене патологиясы жағдайларының өсуі байқалады. 


   «Гаджеттердің кеңінен қолданылуын ескере отырып, визуалды патология мәселесі өзекті бола түсуде және лазерлік көруді түзету балалар офтальмологиясының маңызды міндеті болып табылады. Біздің орталықтың базасында лазерлік микрохирургияны енгізу емдеуге қолжетімділікті жақсартады және мамандарымыздың біліктілігін арттырады», - деп атап өтті Орталықтың директоры Әлібек Смағұлов.


«Осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 57 қазақстандық бала витреоретиналдық операциялар үшін шетелге шығуға мәжбүр болды. Жаңа жабдықтың арқасында ата-аналар бұдан былай шетелдегі операцияларға қаражат іздемейді», - деп толықтырды AYALA қорының президенті Айдана Сүлейменова.


????Орталық «Шеврон» компаниясының қолдауымен AYALA қайырымдылық қорының арқасында Constellation Vision заманауи лазерлік хирургиялық жүйесін алды.


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Вьетнам КП-Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тхангты қабылдады
    Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады  

    Ұқсас тақырыптар