Changan CS75 Plus үшінші буынының сатылымы басталды

Уақыты: 2024-11-18 Көрлімі: 12 Сипаттама

Қытай нарығында танымалдыққа ие болған қалалық орта өлшемді Changan CS75 Plus кроссоверінің Қ...

IMG_5111.jpeg

Қытай нарығында танымалдыққа ие болған қалалық орта өлшемді Changan CS75 Plus кроссоверінің Қазақстандағы сатылымы басталды. Автокөлік төрт түсте қолжетімді: атомдық сұр, графитті сұр, ақ және қара. Дилерлік орталықтардағы баға барлық жеңілдіктерді есепке алғанда 14 490 000 теңгеден басталады. 


  Стильді Changan CS75 Plus жатық әрі қатаң сызықтармен ерекшеленген, автокөлік толық жарықдиодты оптикамен, панорамалық шатырмен және 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілермен жабдықталған. Ыңғайлы болуы үшін артқы қақпағында электржетек орнатылған. Алдыңғы жетекті кроссовердің капотының астында 223 а.к. қуаты бар екі литрлік қозғалтқыш, оның тиімді жұмысына 8 сатылы автоматты беріліс қорабы жауап береді. Максималды айналдыру моменті – 390 Нм. Модельдің клиренсі 190 мм-ге тең, бұл қала ішінде және одан тыс жерлерде жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.


 t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Қазақстанға Моңғолия мен Қытайдан көшіп келген қазақтар саны үш есе артқан
    Қазақстан мен Қытай Ақтау портындағы контейнерлік хаб құрылысын бастады

    Ұқсас тақырыптар