2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайдан Қазақстанға 1451 адам, Моңғолиядан 1088 адам келген. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен үш есе артық, өсім тиісінше 177% және 172%-ды құрайды.
Қытайдан келген иммигранттар саны 2017 жылдан бері ең жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Дегенмен 2020 жылы Қазақстанға қоныс аударғандар саны небәрі 9 адамға кем болған. Ал Моңғолияға қатысты жағдай бөлек, мұндай жоғары нәтиже 2011 жылдан бері тіркелмеген.
Қытай мен Моңғолиядан келгендердің басым бөлігі этникалық қазақтар – тиісінше 98% және 99%. ҚХР-дан келген қандастардың жартысы Астана мен Алматыға тұрақтаған. Сонымен қатар келушілер Алматы облысын таңдаған. Моңғолиядан оралған қандастар негізінен Ақмола облысына қоныстанған – 33%, одан кейінгі орындарда Астана (23%) мен Алматы (13%) тұр.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан