Қазақстан 2025 жылы қай елдерге бидай экспорттайды?
Қазақстан 2025 жылы Қытай, Гонконг пен Вьетнамға бидай экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлім етті.
«Жыл басында біз Иран нарығына қайта келдік. Ол жаққа 3-4 жыл бидай жеткізген жоқпыз. Келесі жылдың басында Синьцзянда (Қытай) кездесу болады. Ол жаққа өзім барамын. Гонгонк пен СУАР-дың (Синьцзян-Ұйғыр автономиясы) басшылары болады, үшеуміз кездесеміз. Гонконг пен Вьетнамға контейнерлер арқылы бидай жеткізетін жоспарымыз бар», — деді вице-премьер.
Вице-премьердің сөзінше, 2 айда «Қазақстан теміржолы» АҚ арқылы 2 млн 100 мың тонна бидайды экспортқа шығардық. Осындай тенденция қалыптасса, болашақта 12 млн тонна бидай экспортқа шығарамыз.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан