Тамаш Шуйок Қазақстан мен Мажарстан алшақ орналасқанымен, қос елдің тарихы мен мүддесі ортақ екенін

Уақыты: 2024-11-20 Көрлімі: 68 Сипаттама

Тамаш Шуйок Қазақстан мен Мажарстан географиялық тұрғыдан алшақ жатқанымен, қос халық...

IMG_5157.jpeg

 Тамаш Шуйок Қазақстан мен Мажарстан географиялық тұрғыдан алшақ жатқанымен, қос халықтың тарихы мен мүддесі ортақ екенін айтты


– Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан – бүгінде Орталық Азияда экономикалық даму тұрғысынан жетекші ел. Сіздің еліңіз үшін халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты сақтау – маңызды басымдық. Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылыққа зор үлес қосып келеді. Бүгінде елдеріміз көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты байланыстарды ілгерілетуге күш салып отыр. Біздің мәдени қарым-қатынасымыз ғасырлардан тамыр тартады. Мажарлар қазақтардың тұрмыс-салтымен жақсы таныс. Алматы қаласының атауы біздің ана тілімізде әуезді естіледі. Өйткені халқымыз алманы «алма» деп айтады, – деді Мажарстан Президенті.


   Әңгімелесу барысында тараптар екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстарын күшейтуге айрықша мән берді. Әсіресе, Қазақстан мен Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындары арасындағы академиялық және ғылыми байланысты жандандыру, қос халықтың тарихи тамырластығын терең зерттеу қажет екеніне назар аударды.


  Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібі, соның ішінде көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесті
    Қазақстан 2025 жылы қай елдерге бидай экспорттайды?

    Ұқсас тақырыптар