Орталық Азияда баламасы жоқ: Қазақстанда миокард инфарктісі мен жүректің ишемиялық ауруын емдеуге арналған катетерлер шығарылады
Астанада хирургтар идеяларын коммерцияландыру орталығы ашылады. Аталған жобаны NU технопаркінің аумағында Galamat Group дамытуда. 2025 жылдың ақпанында ашылу болады деп күтілуде. Сонымен қатар холдинг коронарлық стенттер мен баллондар шығарумен айналысады.
«Біз миокард инфарктісі мен жүректің ишемиялық ауруын емдеуге көмектесетін арнайы катетерлер шығарамыз. Өте күрделі технология, Орталық Азия аумағында теңдесі жоқ. Қазіргі уақытта біз стенттеу бойынша операциялық бөлмелері бар барлық клиникаларға жеткіземіз. Орталық Азия мен Моңғолия сынды 7 елге экспорттауды жоспарлап отырмыз. Қазір бізбен 27 емхана жұмыс істеп жатыр. Технологияны Испания тарапы технологиялар трансферті шарты бойынша берді. Біз локализацияны 3 кезеңге бөлдік, қазір бізде өндірістің бірінші кезеңі жүріп жатыр. Ақпан айында хирургтардың идеяларын коммерцияландыру орталығын ашамыз. Бізде өте талантты дәрігерлер бар. Олардың идеяларын бірқатар клиникалық сынақтар арқылы прототипке жеткізгіміз келеді», — деді Galamat Group басшысы Сейітжан Сыпабеков.
https://t.me/KZgovernment телеграм арнасынан