Қазақстандық ғалымдардың қатерлі ісікке қарсы препараты сынақтың екі кезеңінен сәтті өтті

Уақыты: 2024-12-02 Көрлімі: 188 Сипаттама

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген қатерлі ісікке қарсы препарат сынақтың екі бастапқы к...

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген қатерлі ісікке қарсы препарат сынақтың екі бастапқы кезеңінен сәтті өтті 

 

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, NU биология профессоры Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы препаратты әзірлеу барысы туралы айтты. Дәрі-дәрмекті бірінші рет қабылдағаннан кейін он бес онкологиялық науқастың жағдайы тұрақтанды, олардың алтауында ісіктің өсуі тоқтады, ал біреуінде ол тіпті 30%-ға азайды. Қазіргі уақытта дәрігерлер препаратта уыттылықтың жоғы расталғаннан кейін оның дозасын арттырды.  


«Біз қатерлі ісікке қарсы аппаратты 2022-2023 жылдары сынай бастадық, рұқсат құжаттарын алдық. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші кезеңдерін өткіздік. Қазір біз жоғары дозаны алуға қол жеткіздік. Сынақтар Қазақ онкология және радиология институтында өтуде. Біз глюкозаны сіңіретін рак клеткаларын жоямыз. Халықаралық  патентіміз бар.  Бақылау тобында болған 5 пациенттің жағдайын тұрақтандыруға әсер етті. Ісік өскен жоқ, бір науқаста ісік 30%-ға азайды. Істі соңына дейін жеткізіп, 2-3 жыл ішінде жобаны аяқтауымыз керек», — деді Дос Сарбасов. 

Пікір жазу
  • Қазақстанда миокард инфарктісі мен жүректің ишемиялық ауруын емдейтін катетерлер шығарылады
    Қытай елшісі Чжан Сяо Президент Тоқаевпен қоштасты

    Ұқсас тақырыптар