Қытай елшісі Чжан Сяо Президент Тоқаевпен қоштасты

Уақыты: 2024-12-03 Көрлімі: 91 Сипаттама

2 желтоқсанда ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Президент Тоқаевпен қоштасу үшін Қ...



IMG_5286.jpeg

2 желтоқсанда ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Президент Тоқаевпен қоштасу үшін Қазақстан Президентінің сарайына барды.

Елші Чжан алдымен президент Тоқаевқа соңғы алты жылда көрсеткен зор қолдауы үшін алғыс айтып, өзара игі достықтың оның жүрегінде мәңгі сақталатынын айтты. Сондай-ақ елші мырза соңғы алты жылда екі мемлекет басшыларының стратегиялық жетекшілігі мен дұрыс басшылығының арқасында Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының тарихи серпілістерге қол жеткізіп, ұзақ мерзімдік жан-жақты стратегиялық серіктестіктің ең жоғары деңгейіне жеткенін, өз елінің Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесіне айналғанын, өзара визадан босату келісімінің іске қосылғанын, өзара мәдени орталықтар құру, ауыспалы туризим жылдарын жариялау, Қазақ елінде Любан шеберханасы ашу сықылды шаралардың ырғақты іске асып келе жатқанын баяндай келе, елші ретінде өзін аса бақытты және қуанышты санайтындығын жеткізді.

Елші Чжан Президент мырзаның дана басшылығымен Қазақстан бүгінде мүлде жаңа кейіпке еніп, «Әділетті Қазақстан» құрылысы өркендеп келе жатқанын тілге тиек етті. Ол Қазақстанның «орта держава» ретінде халықаралық және аймақтық мәселелерде белсенді рөл атқаратынына сенеді. Елші былай деді: Мен қызметтен кетіп, Қытайға оралғалы тұрғаныма қарамастан, келер шақта мейлі қай жерде болсам да, Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы мен Қазақстанның дамуын назарымда ұстайтын  боламын. 

Президент Тоқаев Елші Чжанның Қазақстан-Қытай тату көршілік және достық қарым-қатынастарына және әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты ілгерілетуге қосқан зор үлесіне жоғары баға берді. Тоқаев мыналарды атап өтті. Қазақстан-Қытай арасындағы тату көршіліктің тарихы ұзақ, бүгінгі өміршеңдігі өте серпінді. Eкі ел арасындағы саяси өзара сенім бұрын-соңды болмаған деңгейде. Сауда-экономикалық байланыстар анағұрлым нығая түсуде. Мәдени алмасулар күн санап жиілеп келеді. Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тереңдеу үстінде. Біз әрқашан БҰҰ, ШЫҰ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары және «Орталық Азия-Қытай» механизмі сынды халықаралық аядағы ынтымақтастықта жіті селбесе білдік. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Тоқаев Елші Чжанның Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын дамытуға қосқан зор үлесі мен ірі жетістіктерін бағалап, оны «2-дәрежелі Достық медалімен» марапаттады.


Пікір жазу
  • Қазақстандық ғалымдардың қатерлі ісікке қарсы препараты сынақтың екі кезеңінен сәтті өтті
    Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылық үшін шаралар қабылдап жатыр

    Ұқсас тақырыптар