Украина бойынша АҚШ-тың арнайы өкілі болатын Келлогтың жоспарының бір бөлігі белгілі болды. Оны арнайы өкіл етіп Трамп таңдаған еді. Ол бойынша:
- Ресейді оқшаулауды азайту және Мәскеумен дипломатиялық қатынас орнатуды бастау.
- Ресей мен Украинаға қысым жасап, оларды бейбіт келісім бастауға мәжбүрлеу.
- Украина НАТО-ға кіруді 10 жылға шегереді. Ресей басып алған аймақты бақылауында ұстап тұрады. Ресейге салынған санкцияларды біртіндеп азайтып, қарымтасына Украинаға тиімді бейбіт келісім алу.
- Украинаға қажетті әскери көмекті жалғастыру және қауіпсіздік кепілдігін беру. Украина Ресей басып алған аймақты мойындамайды, алайда Киев статус-квоны күшпен өзгертуге тырыспауы тиіс.
- Украина келіссөзден бас тартса, АҚШ көмекті тоқтатады. Ресей келіссөзден бас тартса, Украина ауқымды көмек алады, Мәскеуге санкция күшейеді және басқа да қысымдар жасалады.
PARANOIA.KZ телеграм арнасынан