«Қытай – Орталық Азия» форматындағы кездесу Чэнду қаласында өтеді
Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі отырыс осымен бесінші рет өткізілгелі отыр. Келелі кеңес 30-шы қараша мен 1-ші желтоқсан аралығына жоспарланған. Жиынға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан республикаларының үкімет басшылары қатысады.
Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан