Теңіз және құрлықта жүк тасымалдау көлемі 2 есе өсті

Уақыты: 2024-12-04 Көрлімі: 276 Сипаттама

Теңіз және жағалау көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2 есе өсті 2024 жылдың қаңтар-қазан ай...



IMG_5299.jpeg

Теңіз және жағалау көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2 есе өсті 


2024 жылдың қаңтар-қазан айларында республикада көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 883,4 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9% артық. Осы кезеңде жүк айналымы 1,6% артып, 442,6 млрд т-км-ге жетті.


Ең үлкен өсімді теңіз және жағалау көлігі көрсетті, онда тасымалдау екі есе өсті. 10 айдың ішінде теңіз көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2,3 млн тоннаны құрады.


Абсолютті мәнде жүктердің ең көп көлемі темір жол көлігімен тасымалданды  – 352,4 млн/Т, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2% артық. 


Автомобильмен жүк тасымалдау көлемі 283,6 млн/Т (өсім 19,8%) құрады, әуе арқылы тасымалданған жүк көлемі 22,4 мың/Т, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,1% артық. Ал ішкі су көлігімен жүк тасымалы 48,3% төмендеді.

Wazstat.kz  сайтынан

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті
    Қонақтарды орналастыру орындарының қызметі

    Ұқсас тақырыптар