Биылғы 9 айда Қазақстанда орналастыру орындары 6,9 млн келушіні қабылдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,1% артық.
Барлық қонақтың жартысы мейрамханасы бар қонақүйлерде тоқтаған, тағы 27,9% мейрамханалары жоқ қонақүйлерде болған, сұраныста сондай-ақ коттедждер, үйлер мен пәтерлер түріндегі орналастыру орындары болған – келушілердің 11,7%.
Туристердің басым көпшілігін Алматы (1,7 млн), Астана (1 млн) және Ақмола облысының (420 мың адам) қонақ үйлері қабылдады.
Қызмет көрсетілген келушілердің жалпы санының 13,9% шетелдік қонақтар, олардың 55% Қазақстанға жеке мақсатта, қалғандары іссапармен келген.
Елдер бөлінісінде қаңтар-қыркүйек айларында қонақтардың көпшілігі Ресей Федерациясынан (307 мың), Қытайдан (127 мың) және Үндістаннан (91 мың)қабылданды.
Барлық орналастыру орындарының 9 ай ішінде көрсеткен қызметтерінің көлемі 224,1 млрд теңгені құрады.
Qazstat.kz