Қытайда мектеп оқушыларына шабуыл жасаған жүргізушіге шартты өлім жазасы тағайындалды

Уақыты: 2024-12-25 Көрлімі: 11 Сипаттама

Қытайда мектеп оқушыларына шабуыл жасаған жүргізушіге шартты өлім жазасы тағайындалд...


IMG_5526.jpeg

 Қытайда мектеп оқушыларына шабуыл жасаған жүргізушіге шартты өлім жазасы тағайындалды


Қытайдың Хунань провинциясындағы Чандэ қаласында бастауыш мектеп алдында адамдарға көлігімен соғылған жүргізуші шартты түрде өлім жазасына кесілді.


Оқиға 19 қараша күні таңертең болған. Көлігін тоқтатқан соң, жүргізуші адамдарға шабуылын жалғастырған. Оны сол жерде жүрген тұрғындар тоқтатқан. Бұл шабуылдан ешкім қаза таппағанымен, 30 адам, оның ішінде 18 бала жарақат алған.


  39 жастағы Хуан Вэнь қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірді деп айыпталды. Ол өмір бойына саяси құқықтарынан айырылды. Ал шартты өлім жазасы сотталушы екі жыл ішінде басқа қылмыс жасамаған жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауысады.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
    Бейжің метросы әлемдегі ең ұзын метроға айналды

    Ұқсас тақырыптар