Бейжің метросы әлемдегі ең ұзын метроға айналды

Уақыты: 2024-12-25 Көрлімі: 252 Сипаттама

Бейжің метросы әлемдегі ең ұзын метроға айналды Метро желілерінің үш жаңа учаскесіні...

IMG_5529.png



 Бейжің метросы әлемдегі ең ұзын метроға айналды 

 

Метро желілерінің үш жаңа учаскесінің ашылуымен Бейжіңдегі қалалық метро желісінің жалпы ұзындығы 879 шақырымға жетті. Осылайша, осы санат бойынша Қытай астанасының метрополитені Шанхай метросын басып озып, әлемде бірінші орынға шықты.


Енді Бейжің метросында 522 станция болды. Олардың 98-де пойыз ауыстыруға болады. Үш жаңа учаскеге Шығыс-Батыс жерасты дәлізі кіреді, ол, сонымен қатар, Бейжіңнің солтүстігінен оңтүстігіне апаратын көптеген жолақтармен байланыстырылған. 


  Метро желілерінің жаңа учаскелері қала орталығындағы көшелерді қозғалысты айтарлықтай азайтып қоймай,  жолаушылардың діттеген жеріне жылдам жетуіне ықпал етеді.  


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Қытайда мектеп оқушыларына шабуыл жасаған жүргізушіге шартты өлім жазасы тағайындалды
    Олжас Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды

    Ұқсас тақырыптар