Қытай литий-ионды батареялар өндірісі технологияларын экспортқа шығаруды шектейді

Уақыты: 2025-01-06 Көрлімі: 273 Сипаттама

Қытайдың Сауда министрлігі литий-ионды батареяларды жасау және литийді қайта өңдеу те...

IMG_5626.jpeg

Қытайдың Сауда министрлігі литий-ионды батареяларды жасау және литийді қайта өңдеу технологияларын экспорттық бақылау тізіміне қосу туралы ұсыныс жасады. Бұл өзгеріс бойынша, осы технологиялармен сауда жасау тек арнайы лицензия арқылы жүзеге асырылады. Ережелерді бұзу экспортқа толық тыйым салуға әкеледі.


Қытай осы салада әлемде көшбасшы болып табылады және литий-ферро-фосфатты катодтарды өндіретін жалғыз ел. McKinsey компаниясының деректері бойынша, 2022 жылы батареяларға деген әлемдік сұраныс 700 ГВт⋅с болған, ал 2030 жылы бұл көрсеткіш 4 700 ГВт⋅с-қа жетеді.


  Бұл шешім Қытай мен АҚШ арасындағы электромобильдер мен жартылай өткізгіштер үшін қажетті ресурстарға байланысты бәсекелестіктің артуы жағдайында Қытайдың технологияларға бақылауын күшейтуге бағытталғанын аңғартады.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ өсімі – 4,1%
    Huawei бағасын түсірген соң, Apple де Қытайда жеңілдіктер ұсына бастады

    Ұқсас тақырыптар