Apple 7 қаңтарға дейін Қытайда арнайы жеңілдіктер науқанын өткізетіні туралы жариялады.
Науқан аясында iPhone 16 Pro және iPhone 16 Pro Max смартфондары 500 юаньға ($70) арзандайды, ал iPhone 16 және iPhone 16 Plus модельдеріне 400 юань жеңілдік беріледі. Бұдан бөлек, iPhone 15 және iPhone 14 смартфондарына да жеңілдіктер қолжетімді болады.
Сонымен қатар, MacBook Air ноутбугін 800 юаньға дейін арзан бағамен сатып алуға болады. iPad, Apple Watch, AirPods және Apple Pencil өнімдеріне де жеңілдіктер ұсынылады. Науқан Apple-дің ресми сайтында және дүкендерінде өтіп, тауар саны шектеулі болады.
Бұл шешім Huawei компаниясының Қытайдағы Pura 70 Ultra және Mate X5 смартфондарына бағаны төмендету арқылы нарықтағы бәсекені күшейтуіне жауап ретінде қабылданды.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасы