2025 жылы Қытай Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетіп, екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге ұмтылады. Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь мәлімдеді. Ол бұл пікірін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында берген сұхбатына байланысты білдірді.
Тоқаев өз сұхбатында Қытайды Қазақстанның аса маңызды стратегиялық серіктесі деп атап, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты міндеттердің бірі екенін айтты.
Го Цзякунь Қытайдың Қазақстанмен серіктестік байланыстарды нығайтуға және екі ел басшылары арасындағы келісімдерді нақты нәтижелерге айналдыруға дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, соңғы жылдары Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар қарқынды дамып, әртараптандырылған сипат алды. Бұл жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың жиілеуі мен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың күшеюінен көрініс табуда.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан