Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік нығая түспек

Уақыты: 2025-01-10 Көрлімі: 304 Сипаттама

Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі...


IMG_5698.jpeg

Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь Inbusiness.kz порталына жарияланған мақаласында екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 33 жылдығына орай екіжақты байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын мәлімдеді. 


2024 жылдың алғашқы 11 айында екіжақты сауда көлемі 40 миллиард доллардан асты. Елші екі мемлекеттің бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобалары инфрақұрылым, энергетика және мәдени алмасулар саласында үлкен жетістіктерге жеткенін атап өтті. 


Сонымен қатар, Хань Чуньлинь, Қытай мен Қазақстан халықаралық ұйымдарда бірлескен іс-қимылдарын күшейтіп, әсіресе көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті. Елшінің пайымынша, 2025 жылы екі елдің стратегиялық әріптестігі жаңа деңгейге көтеріліп, өзара қарым-қатынас әрі қарай кеңейтілмек.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Қытай мен Қазақстан стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті
    Қытайдың "Қорғас" шекара өткелі арқылы Еуропаға жүк тасымалы 11%-ға артты

    Ұқсас тақырыптар