Қытай дәрігерлері әлемдік БАҚ-та жарияланған хабарламаларға таңданыс білдірді

Уақыты: 2025-01-12 Көрлімі: 218 Сипаттама

Қытай дәрігерлері метапневмовирус (HMPV) жағдайларының өсуі туралы әлемдік БАҚ-та жариял...

IMG_5712.jpeg

Қытай дәрігерлері метапневмовирус (HMPV) жағдайларының өсуі туралы әлемдік БАҚ-та жарияланған хабарламаларға таңданыс білдірді


   Олардың айтуынша, елдегі басты мәселе – тұмаудың кең таралуы.


Бейжіңдегі Балалар ауруханасының дәрігері метапневмовирус жұқтырған науқастарды көрмегенін және инфузиялық терапия алғандардың көпшілігі тұмаумен ауырғанын айтты. Қытай-жапон достық ауруханасының дәрігері де осыны растап, науқастардың 90%-дан астамы тұмауға шалдыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, HMPV жағдайлары аздап артқанымен, тұмаудың таралуымен салыстыруға келмейді.


Қытайдың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, елде тұмау, метапневмовирус және риновирус жағдайлары көбейген. Дегенмен, тұмаумен ауырғандар саны метапневмовирус жұқтырғандарға қарағанда бес есе көп.


  HMPV алғаш рет 2001 жылы анықталған, бірақ зерттеулер бұл вирус адамдар арасында кемінде 60 жылдан бері таралып келе жатқанын көрсетеді.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Қытайда уранның аса ірі кен орны табылды
    Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады

    Ұқсас тақырыптар