Қытайдың солтүстік-батысындағы Ордос бассейнінде орналасқан Цзинчуань аймағынан уранның аса ірі кен орны анықталды. Бұл жаңалықты Қытайдың Геологиялық қызметі мен Табиғи ресурстар министрлігі растады.
Аталған кен орны эолдық құмтастар таралған аймақта табылған әлемдегі алғашқы ірі уран кені болып табылады. Мұндай геологиялық құрылымдар Қытайдағы Тарым ойпаты, Жұңғар ойпаты және Сунляо бассейні сияқты мұнай-газ аймақтарында жиі кездеседі. Ордос бассейнінде мұндай аумақтың жалпы көлемі 200 мың шаршы шақырымды құрайды.
Бұған дейін Қытай жаңа литий кен орындарын игеру арқылы әлемдік литий қорының үлесін 6%-дан 16,5%-ға дейін ұлғайтқан болатын. Соның нәтижесінде, Қытай литий қоры бойынша әлемде алтыншы орыннан екінші орынға көтерілді.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан