TikTok-ты Илон Маск сатып алуы мүмкін

Уақыты: 2025-01-15 Көрлімі: 191 Сипаттама

TikTok-ты сату мерзімі жақындаған сайын Қытай шенеуніктері түрлі жоспарларды қарастыруда...


IMG_5737.jpeg

TikTok-ты сату мерзімі жақындаған сайын Қытай шенеуніктері түрлі жоспарларды қарастыруда. Соның бірі – TikTok-тың АҚШ-тағы бөлімшесін Илон Маскке сату. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.


Илон Маскке тиесілі X платформасы (бұрынғы Twitter) TikTok-тың АҚШ-тағы жұмысын қадағалап, оны қытайлық ByteDance компаниясымен бірлесіп басқаруы мүмкін. Дегенмен, бұл мәселе әлі талқылану деңгейінде. Маск пен ByteDance арасында нақты келіссөздер жүргізілгені туралы ақпарат жоқ.


2024 жылдың сәуірінде АҚШ президенті Джо Байден қабылдаған заңға сәйкес, ByteDance 2025 жылдың 19 қаңтарына дейін TikTok-ты америкалық компанияға сатуы қажет. Егер сатылмаса, әлеуметтік желі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп танылып, АҚШ-та тыйым салынады.


ByteDance бұл шешімге қарсы сотқа жүгінді. Соңғы тыңдау 2025 жылдың 10 қаңтарында өтті. Жоғарғы сот ұлттық қауіпсіздік мәселесін негізге алып, заңды қолдауы мүмкін екенін білдірді.


  Bloomberg сарапшыларының мәліметінше, TikTok-тың АҚШ-тағы құны 40-50 миллиард долларды құрайды. Әлеуметтік желінің елде 170 миллионнан астам пайдаланушысы бар.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Нигерия Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті
    Қытай ғалымдары Starlink спутниктерін қадағалау әдісін жасады

    Ұқсас тақырыптар