Қытай ғалымдары Starlink спутниктерін қадағалау әдісін жасады

Уақыты: 2025-01-15 Көрлімі: 215 Сипаттама

Қытайдың Нанкин аэронавтика және космонавтика университеті мен Харбин технологиялық...

IMG_5738.jpeg


Қытайдың Нанкин аэронавтика және космонавтика университеті мен Харбин технологиялық институтының ғалымдары Starlink спутниктерін қадағалау операциясын модельдеді. Бұл зерттеу қытайлық ғылыми журналда жарияланды.


Модель нәтижелері бойынша, бар болғаны 99 қытайлық спутник 12 сағат ішінде 1,4 мың Starlink спутнигіне жақындап, оларды бақылауға қабілетті. Бұл спутниктер лазерлер, микротолқындар және басқа да құрылғылармен жабдықталып, барлау және бақылау сияқты операцияларды орындай алады. Операцияға қажетті есептеулерді жерден екі минут ішінде жасауға болады.


Ғалымдар бұл әдісті киттердің аңшылық әрекетінен шабыттанып жасаған. Киттер энергия мен уақытты аз жұмсап, бірлесіп жұмыс істейді. Сол сияқты, жасанды интеллект алгоритмдері қытайлық спутниктерге осы әдісті қолдануға мүмкіндік береді.


  Бұған дейін Starlink спутниктерін аз санды спутникпен бақылау қиын деп есептелген, себебі есептеулер өте күрделі болатын. Қазіргі уақытта SpaceX компаниясы орбитаға 6,7 мыңнан астам Starlink спутнигін шығарған.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • TikTok-ты Илон Маск сатып алуы мүмкін
    Электрондық сауданы дамыту 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді

    Ұқсас тақырыптар