Электрондық сауданы дамыту 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді

Уақыты: 2025-01-15 Көрлімі: 187 Сипаттама

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрон...

IMG_5739.jpeg

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралды.

 

  Электрондық сауда – әлемдік экономиканың маңызды сегменті. Тек 2024 жылы 2,7 млрд-тан астам адам тауарларды онлайн сатып алған. Сатылымдардың жалпы сомасы шамамен $6,3 трлн-ға жетті.

 

   Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша елімізде өткен жыл қорытындысы бойынша электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 14,5%-ға жетті. Сала 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ал еңбек өнімділігінің өсуі дүкендер мен нарықтық сатылымдарға қарағанда 30%-дан асып кетті.


Пікір жазу
  • Қытай ғалымдары Starlink спутниктерін қадағалау әдісін жасады
    Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті

    Ұқсас тақырыптар