Трамптың инаугурациясына Қытайдан Хань Чжэн барады

Уақыты: 2025-01-17 Көрлімі: 165 Сипаттама

20 қаңтарда өтетін АҚШ президенті Дональд Трамптың инаугурациясына ҚХР Төрағасының оры...

IMG_5755.jpeg

20 қаңтарда өтетін АҚШ президенті Дональд Трамптың инаугурациясына ҚХР Төрағасының орынбасары Хань Чжэн қатысатын болды. Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігі хабарлады.


   Бұл Қытайдың жоғары лауазымды басшысының АҚШ президентінің инаугурациясына алғаш рет қатысуы болмақ.


   Қытай тарапы АҚШ-пен қарым-қатынастарын өзара құрмет, бейбіт қатар өмір сүру және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына сай дамытып келе жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты жаңа дәуірде дамытудың тиімді жолын табуға дайын екенін жеткізді.


  Бұған дейін Дональд Трамп рәсімге Қытай Төрағасы Си Цзиньпинді шақырған болатын. АҚШ президентінің инаугурациясына әдетте елшілер мен жоғары дәрежелі дипломаттар қатысады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, 1874 жылдан бері басқа елдердің басшылары бұл рәсімге қатыспаған.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады
    Қытай халқының саны тағы 1,4 миллионға азайды

    Ұқсас тақырыптар