2024 жылы Қытай халқының саны 1,39 миллион адамға қысқарып, 1,4083 миллиард адам болды. Бұл туралы Қытайдың Мемлекеттік статистика басқармасы хабарлады.
Жыл ішінде 9,54 миллион бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға өсті. Ал қайтыс болғандар саны 10,93 миллион адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға аз.
Еңбекке жарамды 16-59 жас аралығындағы тұрғындар 857,98 миллион адамды немесе халықтың 60,9%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға аз. 60 жастан асқандар саны 310,31 миллионға жетіп, халықтың 22%-ын құрады.
Қалалық тұрғындар саны 943,5 миллион адамға жетіп, 1,1%-ға өсті. Ауыл тұрғындарының саны 464,78 миллионға дейін азайып, 2,5%-ға төмендеді.
Айта кетейік, Қытай халқының саны 2022 жылы алғаш рет 850 мың адамға, ал 2023 жылы 2,08 миллион адамға азайған еді.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан