Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» аудиокітабы жарыққа шықты

Уақыты: 2025-01-23 Көрлімі: 82 Сипаттама

Кітап шығару саласындағы соңғы тенденциялар мен оқырман сұранысын ескере отырып, adebiport...

IMG_5812.jpeg

Кітап шығару саласындағы соңғы тенденциялар мен оқырман сұранысын ескере отырып, adebiportal.kz отандық әдеби порталы авторлардың аудиокітап форматындағы жаңа шығармаларымен толыққан.Порталдың жаңалығы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» аудиокітабы. Кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмір жолына арналған. 

 

Автор әкесінің өмірі мен шығармашылығы туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, Кемел Тоқаевтың қиындыққа толы балалық шағы, оның майдандағы жастық кезі мен соғыстан кейінгі шығармашылық жолы туралы әңгімелейді. Автор анасы Тұрар Шабарбаеваға арнайы бөлім арнаған. 

 

Анасы жазушының өмірлік адал серігі, отбасының ұйытқысы болғанын айтады. Өзінің ата-анасына және жақындарына деген сүйіспеншілік сезімін терең жеткізген.


Qaz365.kz сайтынан

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
    Қазақстан – Қытай шекарасы жабылатын болды

    Ұқсас тақырыптар